О курсе / Курс туралы
Бұл білім беру ресурсы білім алушыларға ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік береді. Ресурсты икемділігі, ыңғайлылығы және жеке оқу мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу орындарында сәтті қолдануға болады. Ресурс үш деңгейден тұрады, олардың әрқайсысы дәстүрлі және eLearning интеграциясын жүзеге асыратын барлық төрт дағды бойынша әртүрлі жаттығулардан тұратын модульдерді қамтиды.
Авторлар дәстүрлі және онлайн білім беруді біріктіруді ескере отырып, шет тілдерін оқытудың негізгі принциптерін ұстанды.
Цифрлық ресурс 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі) бойынша «Білім берудің цифрлық трансформациясы кезеңінде тілдерді оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру» тақырыбында гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде дайындалды (ЖРН AP19679103).